Данеш АскарбекДвуязычный интеллектуальный ведущий,тамада, асаба

149 отзывов о ведущем «Данеш Аскарбек»

Как вам заведение?

Ваш отзыв

Авторизуйтесь с помощью любой социальной сети:

Как всё прошло?
Что понравилось больше всего?
Для чего подходит это заведение?
Добавьте фото

если вы сделали их, когда посещали заведение

Когда вы посещали это заведение?
человек
тенге
Отправляя отзыв, вы соглашаетесь с правилами

Ваш отзыв

Авторизуйтесь с помощью любой социальной сети:

Что не понравилось больше всего?
Когда вы посещали это заведение?
человек
тенге
Отправляя отзыв, вы соглашаетесь с правилами
Ерулен Кошкеев

Ұлымыз бен келініміздің үйлену тойын ерекше жоғары деңгейде өткізіп берген Дәнеш Асқарбекұлына алғыс айтамыз. Тойдың басынан аяғына дейін тік тұрып қызмет етіп, барлық қонағымыздың, біздің көңілімізді таба білді. Артық сөзі, орынсыз қалжыңы жоқ, бәрі-бәрі орнымен, әзілдері, ойындары зілсіз, тамаша болды. Дәнеш мырзаны достарымыз ұсынған еді. Досымыздың қызын ұзату тойын жүргізіпті. Біз өзіміз бара алмадық, бірақ достарымыздың бәрі Дәнеш мырзаны мақтаған соң, келістік. Дәнеш Асқарбек күткенімізден асырып, мерейімізді өсірді. Сізге, әншілеріңіз бен биші қыздарыңызға алғысымыз зор. Семьяларыңызға бақыт тілейміз, тойларыңыз көп болсын, творчестволық сәттілік тілейміз. Құрметпен, Ерулен-Сәуле.

Понравилось: еда, сервис, интерьер, атмосфера, музыка
Айлин Кульпешова

Хотим оставить отзыв о ведущем нашей свадьбы - Данеш Аскарбек. Мы выбирали ведущего на этом сайте по отзывам и анкетам. С нашим ведущим с первого контакта наладилась хорошая связь. Мы наверное немножко достали его с вопросами))), но Данеш все легко, подробно, доходчиво отвечал нам. Благодаря ему наша свадьба прошла именно так как мы и представляли себе и даже больше. Каждый наш гость оценил интересные не банальные шутки ведущего, его легкую и галантную манеру общения. Конкурсы, интересные развлечения не давали никому заскучать. Хотим также поблагодарить ди-джея, певца Кайрата за шикарный голос и за четкое чувство настроения аудитории. Мы с удовольствием рекомендуем Данеш и его команду всем хорошим людям!!!

Данеш Аскарбек

Большое спасибо🙏

Назым Байдаулетова

Карантин алдында ғана Дәнеш Асқарбек үйлену тойымызды жүргізген еді. Дәнеш аға бір жыл бұрын құрбымыздың ұзату тойын жүргізген. Сол жерде ол кісінің той басқарғаны бізге ұнаған болатын. Сондықтан жоспарлаған тойымыздың асабасын біз іздемедік десек те болады. Ата-аналарымыз да ол кісіні көрген соң осындағы пікірлерді оқып қарсы болмады. Дәнеш аға сізге көп рақмет! Бәрі жоғары деңгейде өтті. Тойымыздың осылай өткенін қалаған едік. Сіз ойымыздан да асырып, тамаша естелік сыйладыңыз. Егер тойыңызға барлық жағынан мәдениетті асаба іздесеңіз, тамаша әнші, бишілерді қаласаңыз, Дәнеш ағаға хабарласыңыздар. Карантин тезірек бітіп, тойда жолығайық) Сізге барлық жақсылықты тілейміз. Құрметпен, Еркебұлан-Назым.

Понравилось: еда, сервис, интерьер, атмосфера, музыка, месторасположение
Рауан Ойшыгулов

Тамаша жүргізуші, талантты журналист Дәнеш мырзаны 5 жылдан бері таниды екенбіз. 5 жыл бұрын Дәнеш мырза анамыздың 80 жас тойын жүргізіп берген еді. Одан кейін де талай тойларда кездесіп, көрісіп жүрдік. Шаңырағымыздағы алғашқы қуанышымыз, үлкен ұлымыздың үйлену тойына асаба керек дегенде, ешкімді іздемей, бірден Дәнешке хабарластық. Өйткені ол талғампаздығын, сөз қадірін тамаша түсінетінін, тойды жоғары деңгейде, салтанатты түрде өткізе алатынын әлдеқашан дәлелдеген азамат. Бұл жолы да Дәнеш бауырымыз сенімімзді толығымен ақтап, ұлымыздың үйлену тойын жоғары деңгейде дүркіретіп өткізіп берді. Тойға келген қонақтарымыз бен құдаларымыз бәрі бір ауыздан асабаның тойды өте мәдениетті, керемет әсерлі өткізгендерін айтумен болды. Дәнеш мырза өзі жүргізетін бағдарламасы арқылы талантты, салмақты, елдің қамын ойлайтын қарымды журналист екенін де көрсетіп жүр. Сізге және отбасыңызға зор ден саулық, мол табыс, шығармашылық жетістіктер тілейміз. Тойыңыз көп болсын. Тойына асаба іздеген ағайын, бірден Дәнешке хабарласыңыздар, өкінбейсіздер. Құрметпен Рауан ағаң.

Понравилось: еда, сервис, интерьер, атмосфера, музыка, месторасположение
Данеш Аскарбек

Ниетіңізге рақмет

dana mussabekova

Для тех, кто еще сомневается: не сомневайтесь - не пожалеете! Мы пригласили Данеша провести мероприятие по двум поводам: юбилей мамы и золотая свадьба родителей. Круг приглашенных гостей был узким, поэтому было очень важно создать семейную и душевную атмосферу на вечере, а также провести вечер на казахском и русском языках. Данеша нам порекомендовали знакомые, мы доверились рекомендациям и остались очень довольными. Данеш превзошел наши ожидания: никто из гостей не остался без внимания, мероприятие было проведено с большим уважением к старшим, очень деликатно и интеллигентно. Данеш, благодарю Вас от всего сердца, для нас было очень важно, чтобы праздник наших родителей прошел успешно. Осталось прекрасное впечатление от проведенного Вами праздника. Отдельное спасибо Вашим коллегам: музыкальное сопровождение было безупречным! Успехов и всего самого доброго!

Понравилось: сервис, атмосфера, музыка
Данеш Аскарбек

Спасибо большое. Долгих лет Вашим родителям! Успехов и счастья Вашей семье.

moonlight moonlight

Хотим от всего сердца сказать огромное спасибо Данешу Аскарбек и его команде! Мы благодарим не только за само проведение моей Узату, но и за те дни, проведенные в подготовке! Культурное отношение, позитивное настроение, поддержка в любом моменте и в любые погоды)), (отдельное спасибо, что приехали ночью в метели) на высшем уровне! Данеш Аскарбек обещал мне и моим родителям, что мои проводы будут романтичными и нежными. И он сдержал свое слово на все 100%! Мой вечер Узату безумно понравилась не только нам, но и всем присутствующим гостям! Были прекрасные тосты, слова наполненные глубоким смыслом, и песни, которые затронули сердца и души всех гостей и конечно же меня) Спасибо вам за идеальный праздник!!! Теперь я буду рекомендовать вас всем! Если нужен галантный, культурный, интеллигентный ведущий, который на первое место ставит не эпатаж, а профессиональное отношение к делу, то обращайтесь к Данешу Аскарбек. Не пожалеете!

Данеш Аскарбек

Спасибо огромное! Счастья новой семье!

Алтынбек Кузембаев

Ата-анамыздың 80 жасқа толған мерейтойы мен отасқандарына 60 жыл толған Гауһар тойының асабасын ұзақ іздедік. Үлкен той болғандықтан, алыс-жақыннан сыйлы қонақтарымыз келеді, елге танымал, беделді аға-жеңгелеріміз де той төрінде отыратын болғандықтан, салиқалы сөз айта алатын, мәртебесі жоғары тойға бар жағынан сай келетін асаба болуы керек деген едік. Таныстарымыздың кеңесіне жүгіндік. Осы сайттағы біраз асабамен кездестік. Дәнеш Асқарбек мырзамен танысқан соң бірден тойымыздың жүргізушісі осы азамат болуы керек деп шешім қабылдадық. Дәнеш бауырымыз сол сенімімізді 100 пайызға ақтады! Үлкеннің де, ішінің де көңілінен шығып, тойды басынан аяғына дейін жоғары деңгейде, басы артық, ыңғайсыз сөздерсіз, әттеген айсыз абыроймен атқарып берді. Оны құрметті қонақтарымыздың той кезінде Дәнештің өзіне, той соңында өзімізге де білдірген ризашылықтарынан байқадық. Жан тебірентер әндер шырқалды, ешкімнің көңіліне тимейтін, бірақ еріксіз күлдіретін әзілдер де болды. Ағаларымыз айтпақшы, Дәнеш мырза әр әзілінің өзіне ой салып, той барысындағы жағдайларды бір біріне жымдастырып, тізгінді мықты ұстады. Дәнеш бауырымзға алғысымыз шексіз. Сіз де осындай тойға жетіңіз. Деніңізге саулық, творчестволық табыстар тілейміз. Журналист ретінде елге еткен еңбегіңіз еленіп, биіктерден көрініңіз. Алла қаласа талай тойларда кездесетінімізге сенімдіміз.

Понравилось: еда, сервис, интерьер, атмосфера, музыка, месторасположение
Жанетта Касымова

Хотим выразить Данешу Аскарбек большую благодарность за проведение нашей свадьбы. Искали ведущего который красиво и свободно говорит на казахском и русском. Мы долго читали отзывы, смотрели видео разных ведущих, были большие сомнения, но когда мы наткнулись на страничку Данеша в интернете, недолго думая решили встретиться. Он нам в подробностях все объяснил, рассказывал про конкурсы, какие лучше сделать, как это будет выглядеть, кому что нужно сделать, что подготовить. Сразу чувствуется – профессионал своего дела! Перед встречей мы намеревались еще с кем-то встречаться, после, сразу решили, что хотим видеть Данеша ведущим нашей свадьбы! Данеш сделал наш праздник просто сказочным и незабываемым, очень приятно слышать до сих пор от гостей и друзей восторженные отзывы, Даже некоторые заминки, проблемы с техникой и др. он превратил все в смешную шутку, импровизировал. Никакой пошлости, и заезженных штучек, самое главное все по доброму. Он и его команда прямо слились в наши ряды и стали как родные) Все кто еще сомневается в выборе ведущего – не сомневайтесь, Данеш сделает ваш праздник незабываемым и проведет на высоком культурном уровне! С уважением, Арман и Жанетта

Понравилось: еда, сервис, интерьер, атмосфера, музыка, месторасположение
aigerim bazarbayeva

Менің ұзату тойымды ұмытылмас қуанышқа айналдырып, ел есінде сақталып қаларлықтай жүргізіп берген Дәнеш ағаға өз атымнан және отбасымның атынан үлкен алғысымды білдіргім келеді. Тойымыздың төрінде ән шырқап, көп жүрегіне жол таба білген тобыңыздағы әншілер Қайрат мырза мен Әсемай ханымға да алғысымыз шексіз. Дәнеш аға сіз өте білімді, сөйлеу мәдениетіңіз орынды, жауапкершілігіңіз мол асабасыз. Таза қазақылық, шешендік, салт-дәстүр мен ұлттық құндылықтарды құрметтеу де бойыңыздан табылады. Өзіңізге жүктелген міндетіңізді той соңына дейін үлкен абыроймен атқарып, кестелі сөздеріңізбен көптің көңілін төрге шығардыңыз. Әдемі әзіл, үлкен-кішіге ой салатын, тәрбиелік мәні зор конкурстар, тапқырлық пен жарасымды ой-пікір кешіміздің сәнін келтіріп, қонақтарымызды риза қылды. Халқымызда «Тойың тойға ұлассын!» деген мағыналы ақ тілек бар. Жақсылығымыздың басын бастап берген өзіңізбен талай тойда жүздесуді жазсын. Сізге және отбасыңызға зор денсаулық, береке, алға қойған жоспарларыңыздың орындалуын тілейміз!

Понравилось: сервис
Данеш Аскарбек

Рақмет, Әйгерім. Бақыттарың баянды болып, бастарыңнан бақ кетпесін.

Алтынай Жиенкулова

Қос немеремнің 1 жас, тұсаукесер тойын жүргізетін асабаны ұзақ іздедік. Әулетіміздегі көптен күткен қуанышты лайықты, жоғары деңгейде өткізетін асабаны қаладық. Таныстарымыз Дәнеш Асқарбек баламызды айтты. Осы сайттағы пікірлерді де оқыған соң Дәнешпен кездестік. Дәнеш бірден бәрімізге ұнады. Сөзі, өзін ұстауы, тойды өткізуге қатысты айтқан ойлары, ұсыныстары бәрі көңілімізден шыққан соң, журналист әрі жүргізуші екенін білген соң той тізгінін Дәнешке сеніп тапсырдық. Дәнеш сенімімізді 100 пайыздан жоғары деңгейде ақтады. Керемет мағыналы сөздері, орынды қалжыңдары, суырып салып арнаған қалжың өлеңдері, әншілерінің жанды дауыста шырқаған әндері, ойындары мен музыкалары толықтай біздің де, қонақтарымыздың да көңілінен шығып, разы болдық. Дәнеш баламызға тек табыс, амандық, сәттілік тілейміз. Тойың көп болсын, елдің жақсылығын атқарып, абыройың асқақтай берсін. Алтынай апайың.

Понравилось: еда, сервис, интерьер, атмосфера, музыка, месторасположение
Данеш Аскарбек

рақмет)

Назира Исмагулова

Хотелось бы выразить огромную благодарность ведущему нашего мероприятия,Данеш Аскарбек! Готовясь к юбилею,самой сложной задачей было выбрать тамаду. Мы очень много искали через знакомых,в интернете. Прочитав огромное количество положительных отзывов о Данеше,мы решили, что именно он будет ведущим нашего вечера. Юбилей наших родителей прошел на отлично. Гости были в восторге от ведущего и всей его всплоченной команды,включая певцов и танцевальную группу. Данеш обладает очень тонким и интелегентным чувством юмора,очень тактичный и приятный. В общем не смотря на возраст приглашённых гостей,а им всем почти 70 и старше, они веселились до часу ночи и не хотели расходиться. Было очень весело! Спасибо вам огромное,Данеш! Вы профессионал своего дела! Обязательно будем обращаться только к вам!

Понравилось: еда, сервис, месторасположение
Данеш Аскарбек

Спасибо за доверие!

Улдарай Джумадильдаева

Баламызбен келініміздің шатыққа толы шаңырақ көтеру тойын, асаба- Данеш Асқарбек жүргізді. Данеш-ең сезімтал интуициясы бар, қазақтың ұлан-ғайыр даласындай кең ойлары бар, шымыр логика және дипломатиялық шеберлігі бар асаба. "Өлең - сөздің патшасы, сөз сарасы, Қиыннан қиыстырар ер данасы" демекші - Дәнештің әр сөзі, әр сөз саптауына және оның тапқырлығына қонақтарымыз риза болып , дуылдата қол соғып отырды. Данешке алғысымыз шексіз, отбасына қуаныш пен шаттық, береке тілейміз!

Понравилось: атмосфера
Данеш Аскарбек

Рақмет, Ұлдарай апай. Арқат ағай екеуіңіз ұл-қыздарыңыздың, келіндеріңіздің қызығын бірге көріп, ұзақ жасаңыздар.

аватар
Alisher Uteulin

С небольшим опозданием, но мы тоже хотим оставить отзыв. Мы заранее готовились к нашему торжеству и поэтому очень серьёзно отнеслись к подбору тамады. От него реально зависит все настроение тоя. И мы не ошиблись в своем выборе! 17 августа Данеш Аскарбек провел Кыз Узату моей сестры. Весь вечер прошел в очень хорошем тонусе, очень интеллигентно и по доброму относился Данеш ко всем гостям, в особенности к старшему поколению. Все наши гости еще до сих пор вспоминают наш той и тамаду. А также хочется отметить всю Вашу команду. Очень красиво завели молодых в зал, очень трепетно проводили. Большое спасибо певцам, которые были с нами весь вечер! Всем своим знакомым и родным наша семья будет Вас рекомендовать! Данеш, хочу принести Вам слова благодарности и пожелать творческих успехов!

Понравилось: еда, интерьер, атмосфера
Данеш Аскарбек

Спасибо. И Вам успехов!

Гульвира Джанбурчина

Искать классного ведущего на свой праздник дело очень хлопотное. Поэтому очень хотим помочь в этом и поделиться своими впечатлениями от ведущего Узату нашей дочери – Данеша Аскарбек. Узату мы проводили 9 июня этого года в ресторане "Голд Казына". Я бывала на многих свадьбах, узату, и программа у многих ведущих приблизительно одинакова и предсказуема. Особенно не по душе, когда ведущий позволяет себе переступить черту дозволенного, заставляет своими словами, конкурсами краснеть и заказчиков и гостей на празднике. Мы хотели чтобы торжество нашей дочери было особенным, без пошлостей, интересным, оригинальным, и интеллигентным. И Данеш устроил нам такой праздник. Было все – и оригинально, смешно, и трогательные, душевные моменты, и время всем гостям поздравить молодоженов, и поесть, и повеселиться. А его певцы и певицы подобрали такой соответствующий репертуар, что все наши гости аплодировали на бис. Всё было современно, стильно, культурно, и вместе с тем весело. Желаем вам, Данеш, побольше свадеб и счастливых молодожёнов.

Понравилось: еда, сервис, интерьер, атмосфера, музыка, месторасположение
Данеш Аскарбек

Спасибо большое. Было приятно провести Ваш праздник!

Marina Shukshina

Хотим оставить отзыв о ведущем свадьбы нашего сына, о прекрасном человеке Данеш Аскарбек. Если вы мечтаете о веселой и запоминающейся свадьбе, то обязательно свяжитесь с Данешом. Он учел все наши пожелания, он и его команда работали как часы, не было никаких пошлых шуток и заезженных конкурсов. Мы в восторге от его работы. В нем сочетаются такт, воспитанность, обаяние, образованность, чувство юмора, харизма и умение слушать и слышать пожелания людей. Спасибо большое тебе, Данеш. Ты сделал нам праздник, как и обещал. Творческих успехов и большой удачи в жизни.

Понравилось: еда, сервис, интерьер, атмосфера, музыка, месторасположение
Мурат Заманбеков

Жақында ғана 9 тамызда Дәнеш ұлымыз Қайраттың үйлену тойын жоғары деңгейде жүргізіп берді. Той қонақтарының ішінде құрметті адамдар, танымал ақын-жазушы, ғалым ағаларымыз, Нұрсұлтан қаласынан үлкен мемлекеттік қызметте жүрген қайраткер кісілер келетіндіктен біз тойды мәдениетті, зиялы қауым талғамына сай, орынсыз қалжың, адам ұялтатын ойындарсыз өткізетін асабаны іздедік. Елге танымал біраз асабаны бізге ұсынушылар да болды. Бірақ, оларды өзге тойда көріп жүргендіктен, жаңа бейне, той жүргізу мәнері де өзгеше асаба тапсақ дедік. Ақырында интернеттен жақсы пікір көп жинаған Дәнеш Асқарбекті тауып, кездесіп, осы жігітке тоқтағанды жөн көрдік. Тойдан кейін біздің Дәнешке алғыстан басқа айтарымыз жоқ. Алғашқы тойымызды зиялы, мәдениетті, салмақты, жоғары элиталық үлг.іде басқарып берді. Үлкендерге деген тілегі, жастарға айтқан ойлы, кейде қалжың аралас сөздері бәрі-бәрі көңілімізден шықты. Қонақтарымыз "Сендердің тойларың тез өтіп кеткен сияқты болды, 5 сағат отырсақ та шаршамадық, асабаларың мықты екен, шаршатпады, керісінше көңіл көтеріп демалып қайттық" дегенде өзіміз де қатты қуандық. Дәнеш, сізге және сіздің өнерлі командаңызға біз тек жақсылық, сәттілік тілейміз. Тойларыңыз көп болсын, Жаратқан әр істеріңізге жар болсын, отбасыларыңызға бақыт тілейміз. Мың да бір рахмет. тілек білдіруші, Мұрат пен Райхан Заманбековтер.

Понравилось: еда, сервис, интерьер, атмосфера, музыка, месторасположение
Данеш Аскарбек

Рахмет

Бекжан Алтынбаев

6 шілде күні "Айлин" ресторанында 550 адамға ініміз Өмірсеріктің үйлену тойын Дәнеш Асқарбек жүргізді. Дәнешті бір жыл бұрын көршіміздің қызының ұзату тойында көріп, сол кезде ініміздің тойын осы жігіт жүргізеді деп шешкен едік. Дәнеш тамаша сөздерімен, өзін ұстауымен, тауып айтқан қалжыңдарымен, жалықтырмайтын ойындарымен бәріміздің көңілімізден шықты. Тек жанды дауыста ән айтатын әншілерінің өнеріне де ел риза болды. 550 адамды жалғыз өзі игеріп, тойдың аяғына дейін шашауын шығармай, шулатпай ұстағанына талай қонақ таң қалды. Әйтпесе арақ-шарап ішілетін тойда түрлі мінездегі адамдардың басын біріктіру оңай емес қой. Ініміздің тойын естен кетпестей ерекше өткізген Дәнеш бауырымызға алғысымыз шексіз. Дәнешке тек сәттілік, журналист ретінде творчестволық табыс, отбасына амандық тілейміз. Тойың көп, уайымың жоқ болсын! Құдай бұйыртса біздің тойдан да біраз адам өзіңді тойына шақыратын болып жатыр.

Понравилось: еда, сервис, интерьер, атмосфера, музыка, месторасположение
Алма Калетаева

Хочу выразить огромную благодарность ведущему нашего праздника Данешу Аскарбек. Мы с мужем долго выбирали ведущего. И Данеш был первым, с кем мы встретились в первую очередь. Он с первых минут нашего очного знакомства произвел на нас положительное впечатление. И сразу же решили не искать другого ведущего и доверить Узату нашей единственной дочери Данешу. Муж у меня южанин, поэтому он настаивал, чтобы тамада владел казахским языком на отлично. Я сама из Павлодара, поэтому для меня и моих родственников было важно, чтобы ведущий владел и русским языком)). И мы рады, что все что хотели, нашли в лице Данеша. Данеш - яркий, позитивный, доброжелательный, улыбчивый, оригинальный, и самое главное интеллигентный ведущий без пошлых шуток и занудных слов. Его слова, пожелания и даже шутки никого не оставил равнодушным. Все смеялись, а где то задумывались. Даже конкурсы были со смыслом, чего редко встречаешь у ведущих. Все были тронуты до глубины души. Данеш, вы очень хороший ЧЕЛОВЕК и ПРОФЕССИОНАЛ своего дела! Искренне желаем Вам дальнейшего процветания и успеха. И мы просто, безумно благодарны вашей супруге за помощь и поддержку!

Понравилось: еда, сервис, интерьер, атмосфера, музыка, месторасположение
Данеш Аскарбек

Спасибо большое, Алма ханым. Вы с Марат ага вместе очень позитивные люди. Мне было очень приятно разделить Ваш праздник.

Саят Абдрахманов

Әкеміздің 80 жасқа толған мерейтойын жоғары деңгейде өткізген Дәнеш Асқарбек мырзаға алғысымызды білдіреміз. Әкеміз ғұмырын ғылым саласына арнағандықтан, мерейтойына елімізге танымал академиктер, мемлекет қайраткерлері келетіндіктен, біз тойымыз бен той қонақтарына сай асабаны ұзақ іздедік. Ақыры көптеген адамдардың айтуымен, интернеттегі пікірлерге қарап Дәнеш Асқарбекті таңдадық. Және Дәнеш мырза сол үмітімізді 100 пайызға ақтады. Керемет ойлы сөздері, орынды қалжыңдары, сценарий бойынша әр нәрсені өз ретімен қоюы, әншілерінің репертуары бәрі-бәрі біздің де, қонақтарымыздың да көңілінен шықты. Көптеген қонақтарымыз бізден Дәнеш мырзаның номерін жазып алып кетті. Нағыз интеллигент асаба екенін дәлелдеген Дәнеш мырзаға тек жақсылық, сәттілік тілейміз. Және өзіңізбен келіскеніміздей, келесі жылы анамыздың 80 жасқа толу мерейтойында жолығуды Алла нәсіп етсін.

Понравилось: еда, сервис, интерьер, атмосфера, музыка, месторасположение
Данеш Аскарбек

Көп рақмет!

Marat Korjinbayev

Дәнеш Асқарбек мырза жақында ініміздің үйлену тойын жүргізген еді. Асабаны ұзақ іздедік. Әкеміздің асабаға деген талабы жоғары болды. Қазір тойларға барсаңыз адам ұялатын, біреудің көңіліне тиетін анекдоттар айтатын, орынсыз ойындар ұйымдастыратын тамадалар көбейіп кетті. Ұзақ іздей келе, той иелерінің отзывтарын оқып ақырында Дәнеш мырзаға тоқтадық. Бізге Дәнеш мырзаның алғаш кездесуде той тәрбие мектебі деген сөзі ұнаған соң бірден келістік. Таңдауымыздың дұрыс болғанына той барысында көзіміз жетіп ерекше қуандық. Дәнеш мырзаның айтқан сөздері, қонақтармен жарасымды әзілі, әнші жігіттері мен қыздарының өнерлері, барлық шоу-программасы бәріміздің көңілімізден шығып, қонақтарымыз ерекше ырза болды. Той үстінде ақ бізден Дәнеш мырзаның номерін сұрағандар көп болды. Сізге үлкен рахмет! Тойыңыз көп болсын. Жұмысыңызға табыс, мықты денсаулық тілейміз. Қоржынбаевтар әулеті.

Понравилось: еда, сервис, интерьер, атмосфера, музыка, месторасположение
Данеш Аскарбек

Көп рақмет!!!